Текст
Ұлттық ою-өрнек өнері - қазақ халқының рухани және материалдық мұрасы. Қазақ халқы түркі тілдес халықтары арасында түрлі ою-өрнекке бай халық болып есептеледі. Ата-бабаларымыз ежелден ұлттық нақыштағы оюларды киім, үй жиһаздары, ат әбзелдері, күнделікті тұрмысқа қажет ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар пайдаланған. 12 қарашада Шуйский мектебінде балаларды халық мәдениетіне тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, қол өнерімен таныстыру мақсатында шағын орталық пен мектепалды сынып тәрбиенушілері арасында «Ою-өрнек – рухани өмірдің айнасы» атты суреттер байқауы өтті. Балаларға қазақ халқы ою-өрнегінің ерекшеліктері туралы түсінік берілді.