Текст
9 қазанда Шуйский ауылының ЖББ мектебінің ұжымымен жұмыс кездесуі барысында Атбасар ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Г.С.Мархабат сөз сөйледі.Ол өз сөзінде интернет алаяқтық жасаудың негізгі түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ профилактикалық шараларды, оның ішінде "Еgov"мобильді қосымшасында банктік несиелер алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпаратты жеткізді.