Текст
Көктемгі демалыс іс-шаралар жоспары аясында Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде 18.03.2024ж. мектепалды даярлық сынып тәрбиенушілерімен "Ханталапай"ойыны өткізілді.
Қазақтар әрқашан балаларды тәрбиелеуге үлкен мән берген, ал ұлттық ойындар дәстүрлі тәрбиенің басты құралы болды. Мұндай ойындардың бір түрі - Ханталапай.
Ойынға бірнеше адам қатысады. Ойын үшін он асық таңдалады. Бір асық басқалардан ерекше болуы керек, оның түсі қызыл немесе көк болады. Бұл асық "Хан"деп аталады. Ұпайлар санын ойыншылар алдын ала белгілейді. Жеңімпаз - асықтардың ең көп санын жинай алған ойыншы.