Текст
1-4 сыныптарда "Адалдық –адамгершіліктің белгісі" атты адалдық сағаты өткізілді. Мақсаты - оқушылардың рухани, адамгершілік қасиеттерін ояту. Бір-біріне деген құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында сынып жетекшілері оқушыларға достық туралы, олардың достық қарым-қатынасын қалай нығайту керектігі, өзімшілдік және жаман әдеттерден аулақ болу туралы әңгіме қозғады.