14 наурызда "Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ - де "Жол картасы" бағдарламасы аясында Комьюнити орталықтың ашылуы өтті. Орталықтың ашылуына білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина, білім бөлімінің әдіскері К.К.Нұрмағамбетова және ата-аналар қауымдастығының төрайымы Б.М.Сәдуақасова қатысты.
Наталья Георгиевна өзінің құттықтау сөзінде мектеп оқушыларын құттықтап, Комьюнити-орталықтарды дамыту жобасы Қазақстандағы жалғыз жоба екенін айтты. Ол Шуйский ауылының ЖББ мектебі үшін жастарды қызығушылықтары бойынша біріктіруге, шығармашылық бастамаларды ілгерілетуге және идеялармен алмасуға арналған алаңға айналады.
Біздің мектепте жаңа идеялардың пайда болу көзі болатын кездесулер, пікірталастар өтетін орын пайда болғанына қуаныштымыз.