6 ақпанда дене шынықтыру апталығы аясында мектептің спорт залында 5 және 6 сынып оқушылары арасында "Көңілді старттар" спорттық іс-шарасы өтті. Үй тапсырмасы бойынша оқушылар командалардың атын таңдап алды. Сөйтіп алаңда "Оба-на" (5-сынып) және "Non stop" ( 6-сынып) командалары кездесті.
Әр сыныптан 10 оқушы қатысты. Ойын эстафеталары әр түрлі болды, онда қатысушылар жүгіру, секіру, өрмелеу, жорғалау дағдыларын қолдануға мәжбүр болды. Жарысқа қатысушылар ептілік, жылдамдық, икемділік, төзімділік пен тапқырлықтарын көрсетті! Олардың жанкүйерлері команда мүшелерінің аттарын немесе команданың атауын ән айту арқылы қолдады!
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды 6 - сынып командасы, 2 орынды-5-сынып командасы иеленді. Эстафеталарды қазылар алқасы бағалады: Яндуткин Ю. П., Вербовая А. А., Шабанова И.Ф.
Барлығы жағымды эмоцияларға бөленіп, жаттығу дағдыларын меңгерудің жаңа деңгейіне шабыт алды.
Дене шынықтыру мұғалімі - Вербовая В. В.