Текст
Психология апталығының жоспары аясында бастауыш сыныптарға арналған "Ойна және дамы" ойын бұрышы ұйымдастырылды. Бұрышта ойындар, бояу парақтары, нейро-тренажер жинағы бар. Барлық ойындар логиканы, ойлауды, есте сақтауды, моториканы, тыныс алу гимнастикасын, ұсақ моториканы, тапқырлықты және қарым-қатынастағы жалпы өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған. Үзілістер қызықты және танымдық түрде өтуде, білім алушылар уақыттарын босқа өткізіп жатқан емес.