Химия және биология апталығы аясында мұғалім И.В.Папинигис 26 қаңтарда "Химиялық қорап" атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Турнирде 10-сынып "Бесінші элемент" және 11-сынып "Оттегі" командалары кездесті.
Іс-шарада оқушылар блиц-турнирдің сұрақтарына жауап берді, өмірбаянның сипаттамасы мен фотосурет бойынша атақты химик ғалымдардың есімдерін болжады, қасиеттерінің сипаттамасы бойынша қораптың ішіндегі жұмбақ затты болжауға тырысты, заттар қоспасын бөлу бойынша химиялық эксперимент жүргізді.
Биология пәнінің мұғалімі А.А.Димке мен тарих пәнінің мұғалімі Т.А.Каировтан құралған кәсіби қазылар алқасы командалардың жұмыс барысын, қауіпсіздік техникасының сақталуын және жауаптардың дәлдігін мұқият қадағалап отырды. Нәтижесінде, ұпайларды санау кезінде, командалар 14 ұпайдан бірдей жинағаны белгілі болды. Командаларды марапаттау сап түзеу жиынында өтеді.
Химия пәнінің мұғалімі Папинигис И.В.