Текст
24 қаңтарда 1-11 сыныптарда "Өз Отанының азаматы, оның қорғаушысы болу" атты сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға әр адам туылған сәттен бастап бір елдің азаматы екенін естеріне салды. Бұл оның мемлекеттің қорғауында болуын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматы болу - жоғары құрметті атақ. Азамат болу - Отан алдындағы борышын өтеу.