Текст
10-11 сынып оқушыларымен "Адамгершілік құндылықтар дегеніміз не?» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаты барысында білім алушылар мейірімділік, сыпайылық, адамгершілік сияқты ұғымдармен танысты. Оқушылар адам бағалай алатын өмірлік құндылықтардың не екенін білді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің адамгершілік қасиеттері мен басқалардың қасиеттерін бағалауға тырысты.