2024 ж.11 қаңтарда Шуйский а. ЖББ мектебінің тәрбие жұмысының жоспары шеңберінде полиция майоры Б.А.Өтеуов мектеп оқушыларымен "Жауапкершілік және оны жүзеге асыру нысандары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында әңгімелесу өткізді.
Бағдат Алпысбайұлы ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты. Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны түсіндірілді. Көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға және кәмелетке толмағандардың кеш уақытта көшеде жүру ережелері туралы ұмытпауға кеңес берді. Сондай-ақ, оқушыларға алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салып, осы тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді.
Балалар инспекторды мұқият тыңдап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.