Текст
1-4 сынып оқушыларымен "Мен оқыған ертегі" ("Оқуға құштар мектеп" жобасы) тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың оқыған ертегілері туралы білімдерін жалпылау. Сонымен қатар шығармашыл ойлау білуін, қиялдарын дамыту. Балаларға арналған ертегілер мысалында кітаптарға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Ертегі мінез-құлық пен қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруға көмектеседі. Балалар ертегілерінің рөліне баланың қиялын, сондай-ақ оның шығармашылық әлеуетін дамыту жатады.