Текст
20 желтоқсанда 7-11 сынып оқушыларына арналған "Жауапкершілік және оны жүзеге асыру нысандары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып жетекшілері ұрлық, тонау, бопсалау, денеге зиян келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік бар екені туралы айтты. Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны түсіндірілді. Көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтау және кәмелетке толмағандардың кеш уақытта көшеде болу ережелері туралы ұмытпау керектігі айтылды. Сонымен бірге оқушыларға алкоголь мен темекіні шегудің зияны туралы еске салып, осы тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірілді.