Ағылшын тілі апталығының іс-шаралар жоспары аясында 3-6 сынып оқушылары арасында "Popcorn time" атты кинотеатры ұйымдастырылды. Фильм көру үшін балалар Home Alone (Үйде жалғыз) фильмін таңдады. Барлығына таныс комедия. Американдық отбасы Чикагодан Еуропаға сапар шегеді, бірақ асыға ата-аналары балаларының біреуін үйде ұмытып кетеді. Алайда қалып қойған бала тапқырлықтың кереметтерін көрсетеді. Қарақшылар үйге кіргенде, олар сүйкімді баламен кездескеніне бірнеше рет өкінген болады.
Ағылшын тілінде фильмдер көру сөйлеу дағдысын жақсартуға көмектеседі. Естіген сөздерді қайталамасаңыз да, кейіпкерлердің айтқанын тыңдай отырып , сіз айтылымды жақсарта түсесіз. Сөздерді қалай дұрыс айту керектігін еріксіз есте сақтайсыз және өзіңіз байқамай актерлердің интонациясы мен айтылуына еліктей бастайсыз.
Ағылшын тілі мұғалімі Овчинникова А.А.