 
                                
             21.11.2023
                21.11.2023
        8-20 қараша аралығында "Ақмола облысы ББ Атбасар ауданы бойынша ББ Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтті. Бұл науқанның мақсаты ата-аналар жұртшылығының балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселелері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты мінез-құлық ережелерін сақтау болды.
 Осы науқан аясында мектепте келесі іс-шаралар өткізілді: "Бала құқықтары жөніндегі Конвенция" тақырыбында әңгімелесу, "ҚР-дағы бала құқықтары" дебаты, "Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік" пікірталасы, "Зорлық-зомбылықсыз әлем " сауалнамасы, "Менің құқықтарым" суреттер байқауы, "Балалар түнгі ауылда" рейді, "Құқығым бар" эссе байқауы, "Отбасы және бала тәрбиесі" ата-аналар жиналысы.
