10 қарашада Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығының жоспарына сәйкес «Ұлы жүздің бас биі» атты ашық іс-шара викторина түрінде өтті. Бұл іс-шара қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Төле бидің 360 жылдығына арналған. Қатысқан 10 және 11сынып оқушылары команда құрып, Төле бидің өмірі, оның тарихтағы орны мен шешендік өнері туралы білімдерін көрсетуге сайысқа түсті. Іс-шара барысында АКТ, электронды ресурстар қолданылды, карточкалар, сұрақ-жауап, суреттерді сипаттау, кроссворд шешу, сөйлем құрастыру жұмыстары жүргізілді. Қазылар алқасы тағайындалды. Іс-шара өте қызықты және танымды болды, команда мүшелері белсенділігін көрсетіп, қызығушылықтарын танытты. Оқушылар қазақтың тарихы, қоғам қайраткерлері, шешендік өнері туралы білімдерін толықтыра қана қоймай, сонымен қатар сөйлеу, оқу, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытты. Қазылар алқасының шешімі бойынша 11сынып командасы жеңімпаз атанды.