2-3 қарашада Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ құрылымына кіретін, кәсіби қызметінде айтарлықтай нәтижелері бар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында "2023 жылдың Үздік кәсіподағының көшбасшысы" облыстық байқауы өтті.
Конкурстың мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде кәсіподақ комитетінің рөлі мен орнын арттыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ мүшелеріне практикалық көмек көрсету, ұйымдастырушылық-жарғылық қызметті жүзеге асыру, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының және кәсіподақ ұйымы комитетінің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, зерделеу және тарату болды.
"Ақмола облысының Кәсіподақ Орталығы" төрағасы К.Рахметов және облыстық кәсіподақ төрағасы Б. Әбдірахманов құттықтау сөз сөйледі.
Ережеге сәйкес конкурсқа 20 конкурсант, Облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ қолдау тобы ретінде кәсіподақ мүшелері қатысты.
Атбасар ауданын Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Годованец Наталья Андреевна таныстырды. Қиын күресте 2 жүлделі орынға ие болды. Құттықтаймыз!!