"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шуйскі ОМ жанындағы шағын орталық және мектепалды даярлық тәрбиешілерінің ӘБ онкүндік шеңберіндегі жұмысы туралы есеп

04.05.2017

    2017 жылдың  3 және 15 сәуір  аралығында шағын орталық және мектепалды даярлық тәрбиешілерінің онкүндігі өтті. Онкүндік балалар мен олардың қонақтары үшін  қойылған мерекелік  қойылымнан басталды. Олар өлеңдерін мәнерлеп оқыды, қызықты және әсерлі билерін биледі.  Әр тәрбиеші бір ашық сабақ пен іс-шара  көрсетті. 

         Шағын орталықтың тәрбиешісі Садвокасова Т.И. қоршаған ортамен танысу пәні бойынша «Азық-түлік өнімдері. Бутербродтар дайындауды үйренеміз» тақырыбына сабақ өткізіді. Сабақта түрлі көрнекіліктер, АКТ, оқытудың техникалық құралдары   қолданылып өткізілді, заманауи және тиімді жұмыс түрлері көрсетілді.  

        Балалар берілген тақырыпқа қалай жұмыс істей алатындарын көрсете білді. Тапсырмаларды орындау барысында бір-біріне белсенді көмек көрсетіп, тәрбиешінің кеңестеріне құлақ асып отырды. Сабаққа

қатысқан әріптестер өткізілген сабақты жоғары бағалады.

     Онкүндіктің ішінде тәрбиеші Шабанова И.Ф. тәрбиеленушілерге «Теремок», «Три медведя», «Белый верблюжонок» деген ертегілерін оқып таныстырды.

    Тәрбиеші Шабанова И.Ф. драма пәнінен «Теремок» ертегісінің сахналауын қойды. Ол сабағында көрнекіліктер мен  оқытудың техникалық құралдарын қолданды. Сабақ өз мақсатына жетті,  оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні орын алды.

   Садвокасова Т.И. слайдтар көрсете отырып, «Барлығымыз әр түрліміз, бірақ біз теңбіз» атты әңгімелесу өткізді.  

          Тәрбиеші Садвокасова Т.И.  «Мейірімділік күні» мерекесін өткізіді. Мереке қызықты өтті. Жүргізуші балалармен бірге мейірімділік деген не, қандай әрекеттер балаларды мейірімділікке баулиды, сол туралы әңгіме құрды. Балалар аюға орманды жалқаулықтан құтқарып қалуға көмектесу үшін, ізгі істер жинағын бірге толтырды.

Іс-шара «Мейірімділік деген не» тамаша ән салумен аяқталды.  

     Тәрбиеші Шабанова И.Ф. «В гостях у леса» атты сыныптан тыс  іс-шарасын  өткізді. Балалар тәрбиешісімен бірге орманға серуендеуге барады, онда олар орман иесі  Орман-атаны кездестіреді.  Ол бірнеше тапсырманы орындауын сұрайды: жұмбақтарды шешу,  жеуге жарамды  саңырауқұлақтарды жинау, ән айту, 

ұқсайтын ағаштарды табу. Осы серуен кезінде балалар көптеген жаңа,  қызықты және танымдық нәрселерімен таныса

алды.  

      Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші Годованец Н.А.  қоршаған ортамен танысу пәні бойынша «Қазақстанның  өзендері мен көлдерінің  мекендеушілері»  тақырыбына сабақ өткізіді.  Сабақ ойын түрінде, әдемі көрнекіліктер қолданылып өткізілді. Мұғалім пәнаралық оқыту тәсілін көрсете білді. Сабақ негізінде түрлі жұмыс формаларымен ерекшеленді.

     Мектепалды сыныбында тәрбиеші Жамбаева А.О. қазақ тілінен «Ғажайыпстанға саяхат» тақырыбына ашық сабағын көрсетті . Бұл сабақта АКТ пайдаланып, дидактикалық оқу ойындары ерекше орын алды. Ойынды ойнату үшін оқушылардың қажетті сөздік қоры болғаны белгіленді. Орынды қолданылған ойын элементтері сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге, оқушының оқу  белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыта түсіргені байқалды. Балалар қазақ тілінде тақпақ айтып, ән салды.

    Тәрбиеші  Н. Годованецтің  «Көктем шашуы» атты сыныптан тыс шарасы балалардың  көктем туралы білімдерін

бекітуге бағытталған болды.  Іс-шара әсерлі және  қызықты өтті. 

   Онкүндіктің ішінде «Көктем келді», « Жұмбақты ғарыш» тақырыптарына балалардың сурет және жеке жұмыс көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

   Бұл онкүндік балалардың өмірін жарқын ету , қызықты ету және байыту үшін жағдайлар жасау мақсатымен өткізілді. Балалар үшін балабақша мейірімділік пен  ізгіліктің «ошағы» болсын деген, әр бала өзін осында жайлы және жылы сезініп жүрсін деген қалауымызды білдіреміз..

  2017 жылдың 15 сәуірінде  әдістемелік бірлестігінің отырысында онкүндіктің талқылауы жасалып, «өте жақсы» деген баға берілді.

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст