"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Атбасар ауданының ББ Шуйскі орта мектебі» ММ «Ауыл тарихы» мұражайының ТӨЛҚҰЖАТЫ

05.06.2017

Мұражайдың атауы    «Ауыл тарихы»   «Атбасар ауданының ББ Шуйскі орта мектебі» ММ

Мұражайдың бейіні    Әлеуметтік

Ауданы   Атбасар

Қаласы    Шуйскі ауылы

Білім беру мекемесі     «Атбасар ауданының ББ Шуйскі орта мектебі» ММ

Мұражайдың ашылған күні:   1 қыркүйек  2012 жыл, 2012 жылғы 5 тамыздағы  құру туралы бұйрық

Мұражай жайының сипаттамасы:  мұражай Шуйскі ауылындағы  Шуйскі орта мектебінің екінші қабатындағы

кабинетте орналасқан . Бөлменің өлшемі 15 х 4 метр, төрт терезесі бар. Жарықтандыру  табиғи және электрлі (6 төбе шамы бар).

Мектептің «Ауыл тарихы» мұражайының кеңесі

Волкова Н.Н. – «Атбасар ауданының ББ Шуйскі ОМ» ММ басшысы – мұражай кеңесінің төрайымы

Пономарёва Е.Е. – мұражай жетекшісі –  мұражай кеңесі төрайымының орынбасары

Яндуткина Н.А. – орыс тілі және әдебиеті мұғалімі  (лекторлық тобының жетекшісі)

Негізгі қор экспонаттарының саны және қысқаша сипаттамасы:

1. Тың жерлерін игеру кезеңіндегі фотосуреттер  \комсомол  жолдамасы, бірінші шатыр, бірінші вагон,  алғашқы атыз,  алғашқы бау байлау мерекесі, бірінші егін,  үй құрылысы т.б.\

2. Алғашқы тың игерушілердің  мақтау қағаздары мен марапаттары

3. Алғашқы тың игерушілердің  жеке заттары \ қазан, шәйнек, үтік, чемодандар, орыс  гармошкасы, патефон, әйел сөмкелері т.б.\

4. Шуйскі маталарының үлгілерімен альбом  \Ивановск облысының Шуи қаласының қамқоршы-комсомолдарының сыйлығы \

5. Сыйға беру жазбасы бар альбом   «Шуйскі» совхозының комсомолдарына 20-сыншы жылдарының комсомолы  Т.А.Сегитовтан» 

6.   Шуйскі ОМ-нің пионерлеріне Монголия пионерлері сыйға тартқан пионер галстугі және пионер белгішесі 

7.   М.Е.Довжиктің жеке заттары, өз қолымен жазған  өмірбаяны

8.   Тың игерудің 20 жылдығына орай  Украина комсомолдары атынан М.Е.Довжикке сыйға берілген  «50

лет Комсомолу Украины» медалі

9.   «Социалистік жарысының жеңімпазына»  деген екі қызыл туы

10.ҰОС ардагерлерінің фотосуреттері 

11. ҰОС ардагерлерінің медальдері мен ордендері \оның ішінде І дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені, « За оборону Ленинграда»  медалі т.б.\

12. Белоруссия Президенті  Александр Лукошенкодан ҰОС-ның ардагері М.С.Стасевичке  құттықтау ұшбырыш хаты   

13.   Ауылдың бірінші мектеп және 1971 жылы ашылған жаңа мектеп кабинеттерінің  фотосуреттері    

14.  Тұңғыш  және қазіргі мұғалімдер ұжымының фотосуреттері  

15.   Шуйскі орта мектебінің оқушылары туралы фотосуреттер альбомы  

16.   Бүкілодақтық маңызы бар жарыстарда орлов желісті жылқыларының жеңіп алған кубоктары мен медальдары   

17.   «Тибет» атты айғырдың асыл тұқымға  жататыны туралы  куәлік    

18.   Ежелгі жануарлардың  тасқа айналған сүйектері   \ мамонттың тісі, жабайы өгіздің  мүйізі, жануардың сан сүйегінің сынығы \

19.     Макеевка және Третьяковка селолары туралы  «Туған өлкемнің қайнары»  атты стендтер. Алғашқы тұрғындардың суреттері.

20.   Шуйскі учаскелік ауруханаға  арналған стенд, бас дәрігерлер  мен медбикелердің суреттері.   

21.   «Күміс алқа» және «Алтын алқа»  алқаларымен марапатталған аналарға арналған стенд. Фотосуреттер.

  1.   Құрылу тарихы – мұражай  2 000 жылдың 6 қазанынан бастап құрылған.

Әр адамның жүрегіне туған жерінің тарихы жақын болып келеді. Бұл тарих біздің айналамызда: ескерткіштерде, обелисктерде, естелік орындарында, мұражай экспозицияларында, айтып келгенде,

адамның өзінің сана сезімінде. Туған өлкенің тарихы  - жастарға идеялық-саяси тәрбие беру  үшін берекелі материал. Өзге кітап немесе дәрістен гөрі фотосуреттер, құжаттар, тарихи оқиғаға қатысушының бейнелі

әңгімесі оқушының жүрегі мен есінде терең із қалдырады. Мектепте іздестіру-зерттеу жұмыстары 17 жыл бұрын басталған.  Мектеп мұғалімдері мен оқушылары жерлестерінің Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы, тың және тыңайған жерлерді игеруі туралы құжаттар мен материалдарды  тынымсыз еңбектеніп іздеуде болды. Олар ҰОС-ның ардагерлерімен, олардың жесір әйелдері мен балаларымен, алғашқы тың игерушілермен кездесіп әңгімелесті.  Содан олардың көбі көмек көрсетумен ғана шектелмей, мұражайды ұйымдастыруына да атсалысты. Солай, мысалы, В.Б.Довжик  (Социалистік Еңбек ері – алғашқы тың игерушінің жесір әйелі) Михаил Егоровичтің өз қолымен жазған өмірбаянын, М.Е.Довжик өзі жазған

және сыйжазбасы бар сол кісі туралы жазылған кітаптарды,  еңбек қызметінің әр түрлі кезеңдерінде

бейнеленген фотосуреттерін, оның жеке заттарын біздің мұражайға сыйға тартты.

Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесір әйелі   – Папинегене Р.В.  өз күйеуінің жауынгерлік наградаларын сыйлады, олардың арасында баға жетпес ескерткіш -  «За оборону Ленинграда» медалі және оның 1943

жылғы құжаты.  Самокишин Н.Г., Макеевка ауылының тұрғыны, 1942 жылы қаза тапқан ағасы В.Г.Самокишиннің соғысқа шақыру қағазы мен қара қағазын біздің мұражайға берді. «Шуйское» ЖШС мамандары племферманың жұмысы көрсетілген көптеген фотосуреттерді және Одақтық маңызы бар

жарыстарында біздің желіс жылқыларымыз жеңіп алған кубоктар мен медальдарды сыйлады.

      2000 жылдың қазан айында мұражайдың құрылуы осы іздестіру жұмыстарының нәтижесі ретінде болып табылды. Мұражайды құру бойынша жасалған жұмысты үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде   мұғалімдер ұжымы мен оқушыларда мұражай құру идеясы туды.    Бұл ретте 

оқушылардың қызығушылықтарын ояту маңызды болды. Екінші кезеңде  мұғалімдер мен оқушылардың практикалық қызметі ұйымдастырылды: құжаттар мен иллюстрациялар жинау,  болашақ мұражайдың экспозициялар жоспарын жасау, тапсырмаларды әзірлеу және стендтерді рәсімдеуде орындау тапсырмаларын бөлу.  Үшінші кезеңде мұражайдың ашылуы болды, жиналған материалдарды мектептің оқу-тәрбие жұмысында пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарланды. Экскурсия жетекшілерін дайындау жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл жағдайда балалардың көбі іздестіру жұмыстары кезінде теориялық материалмен таныс болғандары,  белгілі бір дәрежеде көмегін көрсетті. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Яндуткина Н.А. (экскурсоводтар  тобының жетекшісі) оқушыларға көп көмегін тигізді – әсіресе экскурсия жүргізу әдістемесін меңгеруде. Туған аулына , оның тарихына жаны ашитын адамдар аз болмады, сондықтан мұражайдың активінде қарт ұстаздар ғана емес, сонымен бірге жоғары оқу орындарын жаңа

бітірген жас мамандар да бар. Анохина Н.В., Папинигис И.В., Степанова Н.А., Волкова Н.Н., Папинигис Р.К. белсене атсалысты.

5. Құру мақсаты – мұражай Шуйское ауылының тарихына, оның басталуына, өсуі мен дамуына арнап ашылған. 1954 жыл – бұл тың эпопеясының бастамасы және біздің ауылдың қалыптасуы – совхоз болуы, іргетасы және Ивановск облысының Шуи қаласынан келген комсомолдар осы ауылға атауын бергені.  Сондықтан ауыл тарихын, оның жетістіктерін, селомен бірге өсіп есейіп келген адамдар тарихын қалпына келтіру - біздің мұражайдың басты міндеті болып табылады. Бірақ бұл ретте совхоздың құрылғанына

дейін Макеевка және Третьяковка ауылдарында (бұлар совхоздың бөлімшесі болған ) тұрған жергілікті тұрғындарды да ұмытпадық, олар осы жерден майданға аттанып, өз өмірлерін Отан үшін қиған. Осының бәрі патриотизм, азаматтық жауапкершілік, еңбексүйгіштік пен өзінің кіші отанына деген мақтаныш сезімдерін оқушылардың бойларына сіңіруге көмектеседі. 

6. Техникалық деректер - мұражай үш терезесі бар бөлмеде орналасқан, олар  көлеңкелі (солтүстік) жағына шығады. Мұражайдың жалпы алаңы 15 х 4 м. құрайды. Қабырғаларында фотосуреттер ілінген стендтер бар, қабырғаның астында, бойында, сөрелерде заттай экспонаттар, алғашқы тың игерушілердің жеке заттары, кубоктар мен медальдар қойылған.   

7. Күн тәртібі –I- IV сынып оқушыларына экскурсия  10-15 минут; V – VII сыныптарға – 20 -25 минут; VIII – XI сыныптарына – 30-35 минут. Салтанатты іс-шаралар: алғашқы тың игерушілер мен ҰОС-ның ардагерлерімен кездесулер, тақырыптық сынып сағаттары, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйек мұражайды аралаудан басталады.  Мұражайдың экспонаттары тарих,қоғамтану, әдебиет, география және биология сабақтарында көрнекі құралдар мен қосымша материалдар ретінде пайдаланылады.  

8. Келушілер саны –  орта есеппен санағанда, мектеп мұражайына жылына 280-300 адам келіп кетеді.

9. Мұражай жетекшісі -  Пономарёва Е.Е., тарих мұғалімі, бірінші санат, еңбек өтілі 30 жыл.(14 жыл бойы мұражайдың жетекшісі)

10. Мұражайдың жұмысын көрсететін фотосуреттер сериясы  -

11. Мұражайдың атқаратын міндеттері  – тарихи-өлкетану және экскурсиялық-бұқаралық жұмыстары.

12. Мұражай келесі міндеттерді атқарады – ағарту, экскурсиялық, сыныптан тыс іс-шаралар, ғылыми-зерттеу.

13. Негізгі бағыттары  

1.Танымдық іс-әрекеттері – ҰОС-ның ардагерлері туралы ерлік сабақтары,  экскурсиялар, байқаулар, «Целина. Адамдар. Оқиғалар» тақырыбына целинаның мерейтойына орай тәрбие сағаттарының топтамасы.

2. Іздестіру-зерттеу – мұражайдың материалдарың негізге алып, аудандық ғылыми- практикалық конференцияларына қатысу («Село тұрғындарының еңбек өмірбаянында тың жерінің тарихы »  орындаған 11 сынып оқушысы Триппель Кристина; «Ұлы даланың мәдени мұрасы» орындаған 10 сынып оқушысы Томчик Елена; «Киім - қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің белгісі ретінде» орындаған 11 сынып оқушысы

Томчик Елена).

3. Құндылық-бағдарлы – оқушыларда Отанына деген мақтаныш сезімін, еңбекке және аға ұрпақтың

жауынгерлік ерлігіне деген құрмет, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.

4. Шығармашылық қызметі – «Буратино» үйірмесінің көрмесін ұйымдастыру, - жетекшісі Яндуткин

Ю.П., жарамсыз материалдардан дайындалған  ұсақ-түйектер көрмесі – Баринова И.В., «Хозяюшка»

үйірмесінің  тоқылған және тоқыма бұйымдарының көрмесі – жетекшісі Садвокасова Т.И.

5. Экспозициялық-көрмелік – Шуйскі маталарының үлгілерімен альбом; алғашқы тың игерушілерінің мақтау қағаздары мен марапаттары, олардың жеке заттары; Монғол пионерлері Шуйскі орта мектебінің пионерлеріне сыйға тартқан пионер галстугі мен белгішесі; М.Е.Довжиктің жеке заттары, оның марапаттары; «Победителю в социалистическом соревновании» деген екі қызыл ту; Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің фотосуреттері, марапаттары, жеке заттары; алғашқы ұстаздар мен мектептің бірінші ғимаратының фотосуреттері; одақтық маңызы бар жарыстарында желіс жылқыларының жеңіп алған

кубоктар мен медальдары; «Біздің ауылдың өсімдік әлемі» атты екі стенд, онда жергілікті флораның өсімдіктер гербариі көрсетілген, оның ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар;  ежелгі жануарлардың тасқа айналған сүйектері – мамонттың тісі, жабайы өгіздің мүйізі, жануардың сан сүйегінің сынығы.

6. Ғылыми – ағарту  – аудандық «Простор» газетіне біздің мектеп мұғалімі бала кезінде қоршалған Ленинградтан көшірілген Кузнецов А.И.  туралы мақала жарияланды  (авторы Пономарёва Е.Е.).; мектепте көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұстаздар  Голубцова З.М.(авторы Волкова Н.Н.)  және Анохина Н.В.(авторы  Папинигис И.В.)  туралы жарияланған мақалалар.   

14. Мұражайдың бөлімдері мен экспозициялары

 I. Тың – бұл тамаша адамдар мен  алтын дән даласы

1. Тың игеру осылай басталған

2. Тың игерушілердің отбасылары

3. Ер даңқына бөлеген өлке  (Социалистік Еңбек Ері Довжик М.Е. туралы)

4.     Оның тәжірибесі ашық кітаптай (Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкері Селиванов Н.Н. туралы

5.     Тың әулеті -  Филимовтар әулеті (Филимов Н.В.- Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген

қызметкері, ұлдары – Владимир, Александр, Евгений және Михаил – бәрі тракторшылар, диқаншылар)

6.     Овсиенко И.М – ауылдың құрметті еңбеккері

7.     Құрманқұлов Б.И. – оның еңбегімен ауыл мақтанады

8.     Шуйскі учаскелік аурухананың тарихы

9.     «Күміс алқа» және «Алтын алқа» медальдарымен марапатталған батыр аналар.

II. Біздің жерлестеріміз – ҰОС ардагерлері мен жауынгер-интернационалисттер.

III. Біздің мектептің ардагерлері.

1.     Ұстаз  әулеттері.

2.     Мектептің шығармашылық өмірі.

3. Оқушылардың спорттық жетістіктері.

IV. Туған жер -  өлкемнің табиғи жағдайы.

V. Біздің ауылдың қайнар көзі, Третьяковка және Макеевка селолары туралы.

15.Жұмыс түрлері – мектеп оқушылары мен қонақтарға арналған экскурсиялар, балалар шығармашылығының және түрлі үйірмелердің көрмесі, тарих және география пәндерінен ашық сабақтары, ашық сынып сағаттары, балалар суреттерінің байқаулары.

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст