29 қазанда Қазақстанда Қамқоршы күні аталып өтті. Қамқоршы күні - бұл ерекше мереке, әр түрлі жағдайға байланысты ата-анасыз өсіп жатқан балаларды тәрбиеге алып, оларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлық танытатын жандарға арналған күн.
«Балаларға жылу сыйла» республикалық акциясы аясында Шуйскі орта мектебінде 28 қазанда қамқоршылар өздерінің қамқорлығындағы балаларымен бірге шақырылып, шай ішу шарасы өткізілді.
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Папинигис И.В. жиналған қауымды мерекемен құттықтап, өз қамқорлығына алған балаларды сүйіспеншілікке бөлеп, олардың тәрбиелеуі мен дамуы барысында үміт пен мүмкіндік туғызып, аялай білген, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялатқан жандарға алғысын айтты.
Қамқоршыларға алғыс хаты берілді, ал балаларға тәтті сый тартылды. Бала бақыты – бұл әлемдегі маңызды мәселе. Ата-анасыз қалған балалар қамқоршыларының арқасында отбасы жылуына иеленді.