ЖРВИ және тұмау эпидемиясының қауіптілігіне байланысты алдын алу мақсатында мектепте келесі шаралар өткізіледі:
· әңгімелесулер, мектептің медицина қызметкерімен бірлесіп ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша оқушылар мен педагогтарға арналған бейнероликтары көрсетілді;
· күн сайын оқушыларды ішкі сүзгіден өткізу журналы толтырылады және тұмаумен ауырған оқушылар күн сайын анықталып жатады;
· оқушылармен, мектеп қызметкерлерімен ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша санитарлық- ағарту
жұмыстары күшейтілді;
· ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
· «Тұмауға қалай шалдықпау және ауырып қалған жағдайда не істеу қажет» жадынамалары таратылды;
· балаларды тұмауға қарсы иммундауы жүзеге асырылуына ата-аналардан келісім (бас тарту) жиналуы өткізілді, 50 баланың ата-анасы вакциналауға келісімін берді, балалар егілуден өтті;
· мектеп қызметкерлері арасында да тұмауға қарсы вакциналау өткізілді (25 адам);
· оңтайлы жылу режимін ұстау жайында бақылау жүргізілуде, дезинфекция, ылғалды тазалау, желдету жұмыстары жүргізіліп тұрады
· эпидемиялық маусым кезінде ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді; ;
· өнімнің ақпараттық-көрнекі стенді ресімделген.