"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлағатты Ұстаз

Мұғалімдер күні қарсаңында «ұлағатты Ұстаз» деп атауға болатын мұғалім туралы айтқым келеді.

Біздің мектепте Папинигис Инна Владимировна міне 30 жыл еңбек етуде. 1987 жылы Шуйский орта мектебін бітірген кезде , қай мамандыққа оқуға түсетінін білетін: әрине, ол анасы Регина Казимировнаның ізбасары болып, химия және биология пәнінің мұғалімі болады. Оқудан кейін туған мектебіне оралып, ол өзінің тәлімгер-әріптестерінен, ең бастысы - өзінің бас ұстазы Регина Казимировнадан барша мейірімділікті, ақылды және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре отырып, отбасылық эстафетаны лайықты қабылдады.

Қазір Инна Владимировнаның өзі тәлімгер, жас әріптестерін педагогикалық шеберлікке үйретеді. 16 жыл бойы ол әкімшілік лауазымында еңбек етіп жүр: алдымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал соңғы он жыл оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Оның энергиясы, педагогикалық шеберлігі, ынта-жігері бәрімізді тек қызықтырады! Инна Владимировна-өз жұмысында озық инновациялық технологияларды кеңінен қолданатын заманауи педагог, үнемі ізденіс үстінде. Жоғары санатты мұғалім, педагог-зерттеуші санатына ие болды.

Қаншама ұлдар мен қыздар медициналық мамандықты немесе ұстаздық жолын таңдаған болған, оның ішінде өз ұстазы сияқты химия мен биология мұғалімі де болғандар бар! Инна Владимировнаның арқасында көп балалы отбасылардан шыққан оның екі оқушысы конкурсқа қатысып, білім гранттарын жеңіп алды, қазір олар аудан мектептерінде мұғалім болып жұмыс істейді.

Инна Владимировна-жақсы нәзік психолог, әр оқушыны түсінуге тырысатын, баланың жүрегіне жылулық нұрын себетін ерекше адам, әрқашан өз әріптестеріне педагогика мәселелерінде де, күнделікті өмірде де көмекке келуге аянбайды. Мектепте атқаратын көп жұмысына қарамастан, спортпен шұғылдануға уақыт табады, оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге белсенді қатысады. Инна Владимировна «Ауылда балалар спорт алаңын салу» жобасын іске асыруға белсенді қатысты. Инна Владимировнаның екі баласы бар. Ұлы Генрих 10-сыныпта оқиды, ал қызы Регина педагогикалық университетіне түсіп, дефектолог мамандығына оқып шықты, қазір мектепте жұмыс істейді, балаларға дұрыс сөйлеу мен каллиграфияны үйретеді. Негізінде Папинигис отбасының үш буындағы педагогикалық әулеті туралы айтуға болады.

Инна Владимировнаға одан әрі табыс тілейміз! Оның отбасына бақыт! Әулеттің негізін қалаушы Регина Казимировна Папинигиске денсаулық! Шуйский ОМ ұжымы

Жаңартылған күні: 06.10.2021 16:41
Құрылған күні: 06.10.2021 16:41

Текст