Текст
02.12.2025
Мектепішілік жоспарға сәйкес 1 желтоқсанда 7-сыныпта «Прокурор сағаты» аясында «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынастағы қауіпті белгілер» тақырыбында жеке қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар келесі мәселелер жөнінде мәлімет алды:
бейтаныс адамдардың қандай мінез-құлық белгілері қауіпті болуы мүмкін;
қауіпті жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керек;
жеке қауіпсіздікті сақтауға қандай шаралар көмектеседі;
қауіп төнген кезде қайда және кімге жүгіну қажет.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз қауіпсіздігіне саналы түрде қарауын қамтамасыз ету.
