01.12.2025
Апта бойы бекітілген кестеге сәйкес ата-аналар жиналыстары онлайн форматта өткізілді.
Кездесулерге медициналық қызметкерлер Овсиенко Е.И. мен Мажитова Н.В. қатысып, тұмауға байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Ата-аналарға аурудың алдын алу шаралары және балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі маңызды түсіндірмелер ұсынылды.
Мамандар сондай-ақ баланың ауырып қалған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді: — оны мектепке жібермеу және төсек режимін қамтамасыз ету;
— дәрігерге жүгіну және берілген емді қатаң сақтау;
— ішетін су режимін және дене қызуын бақылау;
— өзін-өзі емдеумен айналыспау және маманның нұсқауынсыз антибиотик бермеу.
Сонымен қатар, жиналыстар аясында «Отбасы және баланы тәрбиелеу» тақырыбы көтерілді. Балалық шақты қорғау, позитивті тәрбие беру және оқушылардың қауіпсіз дамуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға қолдаушы отбасылық ортаның маңыздылығы, баламен күнделікті қарым-қатынас жасау, сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ физикалық қауіпсіздікпен қатар цифрлық ортадағы қауіптернің алдын алу қажеттігі еске салынды.
Жиналыстар мазмұнды өтті және балалардың денсаулығы, тәрбиесі мен қауіпсіздігі мәселелерінде мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайтатын маңызды алаңға айналды.


